Үмкіткер білім мен медицина саласына баса мән береді

Dalanews 16 мая 2019 04:18

ҚР Президенттігіне кандидат Қ.К.Тоқаевты қолдау жөніндегі Түркістан облыстық қоғамдық штаб мүшелері Жетісай ауданында болып, ақ халатты абзал жандармен кездесті.

Облыстық штаб төрағасы Ұласбек Сәдібеков «Nur Otan» партиясының атынан ұсынылған кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын кеңінен түсіндірді.

–  Кандидатымыз білім мен медицина саласына да айрықша мән беріп отыр. Медицина саласында  ауқымды жұмыстар қолға алынады. Еліміздегі ауруханалар мен емханалар толық жабдықталады, –  деді Ұласбек Сәдібекұлы.

Кездесуде Жетісай орталық аурухананың дәрігері Перизат Ахметова бағдарламада елді дамудың даңғыл жолына бастайтын үлкен қадамдар жасалғандығын айтты.

–  «Бірге» атты акцияға қатысып, өз ұсынысымды жеткіздім. Қоғамдық қабылдауға да қатысуға үлкен мүмкіндіктер жасалыпты. Сайлауалды тұғырнамада көптеген мәселелер қамтылған – деді ол.

 


Рекомендовать
Последние новости