Ұлттық домбыра күні - ұрпақ пен ұлттың сабақтастығы

Ақтоты Жапатова 04 июл. 2025 17:13

Жыл сайын шілде айының алғашқы жексенбісінде елімізде Ұлттық домбыра күні кеңінен аталып өтеді. Бұл – халқымыздың мәдени мұрасын ұлықтап, жас ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарға деген құрметті қалыптастыруға бағытталған маңызды күн.

Домбыра – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан төл өнерінің, тарихи жады мен рухани биігінің көрінісі. Күй өнері арқылы ата-бабаларымыз өз дәуірінің тағдырлы сәттерін, өмірлік философиясын, елдік мұраттарын жеткізді. Әр күйде – тәлім, тағылым, тәрбие бар.

Жастар – ұлттық мұраны жалғастыратын алтын көпір.

Бүгінгі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде ашылып жатқан домбыра үйірмелері, музыкалық мектептер мен мәдени жобалар – жас буынның өнерге деген қызығушылығын арттыруда. Бұл бастамалар жас таланттардың бойындағы шығармашылық әлеуетті оятып қана қоймай, ұлттық рухты нығайтады.

Домбыра – ұлттық бірегейлік пен жаңғырудың символы.

Төл өнерімізге құрмет – болашаққа бағытталған сенімді қадам. Ел Президентінің бастамасымен белгіленген бұл мереке – рухани жаңғырудың нақты көрінісі. Жастардың домбыра тартуы, күй өнерін меңгеруі – ұрпақтың өз тамырына, өз болмысына оралуының жарқын көрінісі.

Айдана Сейдуллаева


Рекомендовать
Последние новости