Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтен отбасында бюджетті кім басқаратыны және азық-түлік қымбаттағанын өзі сезінген-сезінбегені сұралды,- деп хабарлайды Dalanews.kz
"Отбасымыздың шығынын негізінен жұбайым қадағалайды. Себебі, біріншіден, ол декреттік демалыста, бос уақыты көбірек. Екіншіден, не алу керек, қайдан, қалай арзанырақ табуға болады – осының бәрін жақсы біледі", – деді Сүлейменов.
Ол бұл жағдайды қазақ қоғамына тән менталитет пен қалыптасқан дәстүрдің көрінісі деп атады.
"Меніңше, бұл – қалыпты нәрсе. Әрине, шығын бақылауда. Ештеңеге мән бермей отырған жоқпыз. Бірақ күн сайын: 'Қанша жұмсадың? Қандай сүт алдың? Майлылығы қанша?' деп сұрап отыру да дұрыс емес. Отбасылық экономикада рөл мен ресурсты осылай бөлу – орынды шешім деп санаймын", – деді Ұлттық банк басшысы.