Ұлымды белгісіз бағытта тікұшақпен алып кетті - Саакашвилидің анасы

Dalanews 09 нояб. 2021 03:55 805

Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвилиді Рустави түрмесінен белгісіз бағытта тікұшақпен алып кеткен. Бұл туралы саясаткердің анасы мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ол Гори әскери ауруханасына жеткізілген болуы мүмкін. Бүгінгі консилиумда Михаил Саакашвилиге шұғыл госпитализация қажет екені айтылды, деп жазды экс-президенттің жеке дәрігері.

Оның үстіне Саакашвилидің Facebook-тегі парақшасында аштықтан өлуге дайын екендігі туралы үндеуі пайда болды.

Бұған дейін Грузия Әділет министрлігі экс-президенттің топ дәрігердің арасында тамақтанып отырған видеосын жариялаған. Бірақ ол "тамақ ішпегенін, ал видеодағы тек дәрумендер мен минералдар болғанын" айтқан еді.

Саакашвили Грузияға Украинадан 1 қазанда келген болатын, ол сол күні ұсталды. Оған қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалды, олардың екеуі бойынша сырттай үкім де шығарылып қойыпты. Сондай-ақ, Рустави түрмесінде жазасын өтеп жатқан Саакашвилидің денсаулығы ауыр жағдайда екендігі хабарланған.

Рекомендовать
Последние новости