Ұлыбритания профессоры ҚазҰУ-да дәріс оқи бастады

Dalanews 12 мая 2021 05:08 1066

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде нейробиология саласында әлемге танымал ғалым, Шеффилд университетінің (Ұлыбритания) профессоры Базбек Дәулетовтің қатысуымен «Нейроғылымның қазіргі заманғы мәселелері» атты онлаин дөңгелек үстел өтті, – деп хабарлайды Dalanews.kz ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиынды ҚазҰУ-дың бірінші проректоры міндетін атқарушы Қанатбек Мұқанов ашып, мәртебелі қонақты таныстырды.

Академик Болатхан Заядан баяндама жасап, өзі басқаратын биология және биотехнология факультетінің білім беру және ғылыми қызметі туралы ақпарат берді.

Кездесуде Базбек Дәулетов өзінің зерттеу жұмысы туралы жан-жақты әңгімелеп, созылмалы ауруларға қарсы жаңа препараттар жасап шығару тәжірибесімен бөлісті.

Ауырсынуды азайту үшін мамандар 200 жыл бұрын ойлап табылған морфин және басқа да препараттарды қолданады. Бұл екпелер ағзаға аз уақыт қана әсер етеді.

– Бұл созылмалы ауру мәселесін түбегейлі шешпейді және олар ағза үшін улы. Бүгінгі таңда бұл мәселе тек АҚШ, Еуропа ғана емес, Азия үшін де аса өзекті. Біз көптеген зерттеулер жүргізіп, ботулиндік токсиндерді жасадық. Тышқандарға сыныма ретінде қолданған кезде олардың молекулалық құрылымын өзгерту арқылы ауырсынуды 23 күнге дейін жеңілдетуге қол жеткіздік, – дейді профессор.


Ғалым ботулиндік нервотоксиндер ағзаға кері әсер тигізбейтінін айтады, оларды косметология, бас ауруы, қыликөз және тағы басқа ауруларда пайдаланады.

Осылайша, профессор молекулалары тек жүйке ұштарына әсер ететін жаңа препаратты жасау мақсатын көздеп отыр. Бұл созылмалы аурулар мен опиоидтарды үнемі қолданудың жағымсыз салдарын жоймақ.

Сондай-ақ жиынға қатысушылар ғалымның ғылыми-зерттеу жұмыстары мен жобалары жөнінде сұрақтар қойып, нейроғылым мен нейробиология салалары бойынша алдағы бірлескен ғылыми жұмыс барысын талқылады.

Рекомендовать
Последние новости