Үкімет Баян-Өлгийдегі селден зардап шеккен қандастарымызға көмек көрсетеді

Dalanews 13 июл. 2016 09:05 912

Қазақстан Hеспубликасы Моңғолия Баян-Өлгий аймағындағы селден зардап шеккен отбасыларға гуманитарлық көмек көрсететін болды. Бұл туралы Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов өзінің твиттердегі парақшасында жазды – деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

Ол өзінің жеке парақшасында «Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасымен Баян Өлгийдегі (Моңғолия) селден зардап шеккен отбасыларға гуманитарлық көмек көрсетіледі» - жазды.

Естеріңізде болса 10-11 шілде күндері қатты жауған бұршақ нөсерінің салдарынан Монголияның Баян-Өлгий қаласының орталығына сел түсіп, 700 адам, 130 отбасы баспанасынан айрылыған болатын.

Ал 14 шілде күні Ұланбатыр қаласында өтетін «Азия – Еуропа форумының XI – саммитіне» қатысуға баратын Кәрім Мәсімов арнайы Баян-Өлгий халқымен кездесетіндігі белгілі болған болатын.

Рекомендовать
Последние новости