Уақыт белдеуіне қатысты өзгеріс дұрыс па, бұрыс па? Қазақстандық маман нүктесін қойды

Көркем Алдабергенова 21 нояб. 2024 10:04 789

Наурыздан бері қазақстандықтар арасында бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты түрлі пікір айтылып жүр. Кейбір өңір тұрғындары бұл тәсіл жұмыс істеуге, оқуға тиімсіз екенін де айтты. 19 қарашада Үкімет бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты сұраққа нүкте қойды. Dalanews.kz тілшісі осы тұста қолданбалы хронобиология бойынша маманы, International Alliance for Natural Time ұйымының Қазақстандағы өкілі Болат Нұрғожаевтан уақыт белдеуіне қатысты ой-пікірін білді. 

Премьер-министр Олжас Бектеновтің қатысуымен өткен Үкімет отырысында сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Қазақстанның 5-ші уақыт белдеуіне көшуінің артықшылықтарын айтты. Ол UTC+5 уақыт белдеуі ел халқының 76 пайыздан астамы (15 миллион 240 мың адам) кіретін Астана, Алматы, Петропавл, Өскемен, Шымкент, Семей және Павлодар қалаларын қосқанда, 67,5-тен 82,5 градусқа дейінгі бойлықты қамтитынын айтты.

Премьер-министр Олжас Бектенов неғұрлым түсінікті ақпараттық-түсіндіру науқанын жүргізуді тапсырды.

"Сауда министрі қолданыстағы уақыт белдеуіне қатысты жан-жақты дәлелдер келтіре отырып, нақты жауап берді. Үкімет бұл шешімді қолдайды. Біз бірыңғай уақыт белдеуіне бекерден бекер ауысқан жоқпыз. Ел аумағының көп бөлігі бесінші уақыт белдеуінде орналасқан. Сондықтан бұл ғылыми тұрғыдан дұрыс шешім", - деді Бектенов.

Болат Нұрғожаевтың сөзінше, уақытты белдеуі мәселелерінде қарапайым азаматтар ғана емес, тіпті ғалымдар да шатасып жатады. Маман декреттік үнемі "жазғы" уақыт қолдану ұзақ мерзімдегі, тек ғылыми зерттеулермен анықталатын салдарларға соқтырады дейді .

"Адам ағзасында биологиялық ырғақтардың бұзылу көбінесе сағат алға жылжығанда байқалады. Ол трансконтиненталдық, бірнеше сағаттық белдеулерді шығыс бағытқа ұшқанда джетлагпен белгілі.

Себебі, уақытты озық қолдану адам организмінің биоырғақтарының табиғи биоырғақтармен сәйкестігін бұзады. Оның бірінші симптомы ұйқы/сергектік режимі бұзылуы. Қазақстанда 2012 жылы жүргізілген зерттеу респонденттердің тек 4%-ы ғана өз ұйқысы қанық екенін көрсеткен. Сағат тілін жылжытқаннан Күн уақыты ұзармайды да, қысқармайды да, ол бізге бағынбайтыннан. Сағат тілін шығыс облыстарда 1 сағат артқа жылжуымен бұл аумақтар өзінің жергілікті уақытына ең жақын уақыт өлшемі - белдеулік (қысқы, стандарттық) уақытына оралды.

Әлеуметтік уақытпен жарық мезгілінің кештеу жылжуынан адам ұйқыға кеш жатады, яғни я кеш жатып кеш тұру, болмаса кеш жатып ерте тұрғаннан ұйқысы қысқаруына соқтырады. Ал дұрыс ұйқы мен иммунитет егіз ұғым. Мысалға, балаңыз көшеде әлі жарық болса ұйқыға кетуі мүмкін емес, себебі бұл оның биологиясына қайшы.

Біз кешегі кезге шейін қолданып келген декреттік, үнемі "жазғы" уақыт қолданумен, ұйқы режимі әсіресе ересектерден басқаша, ұзақтау болып келетін балалардың таң алдыңғы маңызды БДГ (жылдам көз қозғалысы фазасы) ұйқысы есебінен қысқартып келдік. Ал бұл фаза мида ойлау, есте сақтау, білім сіңіру, интеллект, когнитивтік функцияға жауап беретін фаза. Әлеуметтік пен табиғи уақыт сәйкессіздігі SJL (әлеуметтік джетлаг) деп аталатын ауытқумен танымал. Бұның ұзақ мерзімді салдары денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіреді: созылмалы шаршау, жұмысқа қабілеттілік төмендеуі, иммунитет әлсіреуі, тіпті кей жағдайда ауыр сырқаттар мен өмір ұзақтығы қысқаруына дейін әкелуі мүмкін. Бұл – ғылымда дәлелденген факт және қәзір Әлем ғылымы консенсусымен айқындалған нәрсе", - дейді маман.

Сонымен қатар, жұмыс және оқу уақытының таң атуынан бұрын басалуы да таңғы ұйқы фазасының бұзылуына, әсіресе қысқы мезгілде, теріс әсер етеді. Мұның алдын алу үшін биологиялық сағатқа сай күн тәртібін реттеу маңызды. Кешке қарағы, таңертеңмен жарық болуы адам организмінің қалыпты жұмыс істеу негізі.

"Мелатониннің секрециясы кешкі қараңғылық түсеу басталады, сондықтан ұйықтар алдында шамамен 1,5 сағат бұрын қараңғы уақыттың түсуі өте маңызды. Уақытты әкімшілік тұрғыда кейінге жылжыту арқылы жарық кезеңін кеш жылжыту мелатонин секрециясын бұзып, ағза орнына стресс гормоны – кортизолды бөле бастайды. Бұл тиісінше ұйқының сандық, сапалық құрамын бұзып, созылмалы ұйқы жетіспеуі, созылмалы шаршау синдромына соқтыратын фактор. Яғни, таңның ерте басталуы емес, мелатониннің бөлінуін тоқтататын фактор – жарықтың кештеу уақытқа жылжуы", - дейді Болат Нұрғожаев.

Уақытты ауыстыруға қарсы пікір айтушылардың тағы бір тезисі – ерте ояну циркадтық ырғақтардың бұзылуына әкеледі. Айталық, еліміздің оңтүстігінде жазда адамдар таңғы 3:30-да оянып, қайта ұйықтай алмайды. Болат Нұрғожаев бұл құбылыс психикалық бұзылыстар тудыруына қатысты сұраққа жауап берді. 

"Адамның дұрыс ұйқыға кетуі үшін биологиялық ырғаққа сай қараңғы уақыттың табиғи түсуі қажет. Ал бұрынғы уақытпен алғанда, күн жарығы таңғы 4:30-да шыққан күннің өзінде, адамдар 3:30-да оянбайтын еді. Себебі, жұмыс күні көбіне 9:00-де, ал базарлар мен дүкендер 10:00, тіпті 11:00-де ашылатын. Демек, олар қараңғы перделер мен терезелерді жауып, таңғы 6:00-7:00-ге дейін толықтай ұйықтап алатын.

Ұйқының жетіспеушілігіне шағымданатын адамдардың көпшілігі өздері 2:00-де ұйықтап, 3:30-да оянуға мәжбүр болғанын айтады. Бірақ қарапайым есеппен алсақ, тіпті бұрынғы уақыт бойынша да таңғы 4:30-да жарық түскен жағдайда, 2,5 сағат ұйқы адамның қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Бұл жағдайда мәселе уақыт ауысымында емес, ұйқы гигиенасының сақталмауында. Қарапайым ереже – биологиялық сағатқа сәйкес ерте ұйықтау және жеткілікті ұйықтау арқылы мұндай проблемалардың алдын алуға болады", - деп түсіндірді Болат Нұрғожаев.


Рекомендовать
Последние новости