Қырғыздар қазақтардан көмек сұрамақ: не үшін?

Сағыныш Сардарова 18 нояб. 2024 16:33 234

Қырғыздар Қазақстаннан Ыстықкөлдің тағдырына қатысты көмек сұрамақ. Бұл туралы Orda.kz жазды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Басылым мәліметінше, қырғыз министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров парламентте уақыт өте Ыстықкөлден айырылып қалу қаупі бар екенін айтқан. Ыстықкөлді құтқару үшін қырғыз билігі Қазақстан мен Өзбекстаннан көмек сұрауды жоспарлап отыр. 

Мәліметтерге сүйенсек, кейінгі бірнеше жылда Ыстықкөлдің су деңгейі бұрынғыдан шамамен бір метр төмендеген. "Бұған айдынға құятын арналардың құрғауы себеп, - дейді мамандар.

Сонымен қатар, қуаңшылық кезеңі ұзарып, жауын-шашын азайып, булану деңгейі арта түскен.

"Қарқыр және Көккөр өзендері Ыстықкөлге су келмейді. Ал өзеннен жоғарғы ағыс арқылы келетін суды шаруалар пайдаланып отыр. Өйткені ауыл шаруашылығы қарқынды дамуда. Сондықтан біз ғалымдармен бірге жұмыс істеп, көлді қалай сақтауға болатынын түсінуге тырысып жатырмыз. Біз Арал теңізінің тағдырын қайталағымыз келмейді. Осы себепті Қырғызстан билігі Қазақстан мен Өзбекстанға көмекке жүгінуді жоспарлап отыр", - дейді Қырғызстан премьер-министрі Ақылбек Жапаров. 

Үкімет ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз етіп, су экспортын азайту үшін келіссөздер жүргізуге ниетті. Бұл бастаманы Ыстықкөлді құтқаруға арналған халықаралық ғылыми конференцияда талқыламақ.


Рекомендовать
Последние новости