Жемқорлардың ақшасына тағы 18 мектеп салынды

Қаракөз Амантай 15 нояб. 2024 12:54 363

Қазақстанда оқу жылы басталғалы бері 150 мың оқушыға арналған 100-ден аса жаңа мектеп пайдалануға берілді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, жаңа ашылған мектептің нақты саны – 106.

“Оның 33-і жайлы мектеп. Онда 90 мыңға жуық оқушы оқи алады. Олар бастауыш және жоғарғы сыныптарға арналған жеке блоктармен, заманауи техникалық қауіпсіздік құралдарымен, ерекше білім беру қажеті бар балаларға арналған кедергісіз ортамен, бірнеше спорт залмен, заманауи пәндік кабинеттермен жабдықталған", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында білім беру жүйесін одан әрі дамыту және мұғалімдерді қолдау мәселелеріне ерекше көңіл бөлу қажеттігін атап өткен болатын. Мемлекет басшысы үш ауысымды және апатты мектептердің тапшылығын шешу үшін “Жайлы мектеп” ұлттық жобасын қабылдауды тапсырды.

Осы жоба аясында 2025 жылдың соңына дейін 217 жаңа мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

"Сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтан түскен қаражат есебінен білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының желісі бойынша тағы 18 мектеп ашылды", - дейді ведомство. 

Қалған 55 мектеп республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ инвестиция тарту есебінен ашылады.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында білім беру жүйесін одан әрі дамыту және мұғалімдерді қолдау мәселелеріне ерекше көңіл бөлу қажеттігін атап өткен болатын. Мемлекет басшысы үш ауысымды және апатты мектептердің тапшылығын шешу үшін “Жайлы мектеп” ұлттық жобасын қабылдауды тапсырды.


Рекомендовать
Последние новости