"Тисе – тұяққа, тимесе - бұтаққа": Сапарбаев өзіне жала жапқан Мамайға жауап берді 

Dalanews 22 июл. 2021 09:18 1002

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев әлеуметтік желіде өзіне қатысты тарап жатқан айыптауларға қатысты пікірін білдірді.  

Журналист Нартай Аралбайұлы әкімнен «Ақтөбе облысы әкімі болып отығанда әкімдікке 1,7 миллион теңгеге орындық, 500 мың теңгеге ыдыс алдырғаныңыз рас па?» деп сұрайды.

«Біріншіден ол менің есімде жоқ. Екіншіден, ондай ақымақ емеспіз ғой. Оны жазған адам дәлелдесін, кім алды, кім тапсырыс берді, ақша қайдан келіпті? Олай болуы мүмкін емес. «Тисе – тұяққа, тимесе - бұтаққа» деп айта беруге болмайды», - деп атап өтті Сапарбаев Аралбайұлының YouTube-каналында берген сұхбатында.

Әкім қазіргі таңда ғайбат айту көбейіп кеткенін де жасырмады. Бұл тектес айыптаулар көреалмаушылықтан шығатынына да назар аударды.

«Халықтың махаббатына ие болу үшін көп жұмыс істеу керек. Егер Ақтөбе халқы мені қимай шығарып салып жатса, осы уақытқа дейін менің артымнан Ақтөбеден бір сөз ермесе, мынау соңғы әлеуметтік желіде мен туралы жазылған бейнені қалай деп ойлайсыз? Меніңше, жала жапқандарға қатысты мәселе құқықтық тұрғыда шешілуі керек. Солай болуы керек», - деп қорытындылады өз сөзін Сапарбаев.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір апта бұрын қоғам белсендісі Жанболат Мамай YouTube арнасында Жамбыл облысының әкімі Б.Сапарбаев туралы айыптаулармен видео жариялаған болатын.

https://www.youtube.com/watch?v=s02DcO4T1XA

Рекомендовать
Последние новости