Тұзақ

Dalanews 30 мар. 2023 06:07 1008

Өзінің құрбанына келген әккі кісі өлтіруші әуелі бір стакан ішіп алуды жөн көрді. Бірақ, ол үй иесінін өлімнен құтылу үшін не ойластырғанын білмейтін еді.

– Иә, мені өлтіру үшін сізді кім жалдады? – деп сұрадым мен конактан. Ол не үшін келгенін естігенде де абыржымай, салмақты күйде болғаныма өзім де таңкалдым.

Тапаншасын колына еркін ұстап отырғанына қарап-ақ оның өте тәжірибелі, әккі екені байқалады.

– Сіз неге олай ойлайсыз, менін жеке өз есебім бар шығар, – деді ол да жайбарақат үнмен.

Менің жауларым онша да көп емес және олардың кімдер екені маған жақсы белгілі. Менің әйелім шығар, сіздін көмегіңізді пайдаланбақ болған?

Ол жәй ғана жымиып койды.

– Сіз қателестіңіз, әйеліңіздің де әуені сізге жаксы таныс болуға тиіс кой.

– Рас, менде акша бар, – дедім мен, ол сол ақшаны соңғы центке дейін иеленгісі келеді.

Қонақ маған мені бағалаған көзқараспен қарап койды.

– Сізге...

– Елу үш

– Ал әйелініз?

–  Жиырма төрт жаста. Ол таңдайын так еткізді.

– Иә, түсінемін. Сіздің әйеліңіз өте көрікті, бірақ ол өте сараң. Мені таңкалдыратыны сіздің осыны байқамағаныныз.

– Мені таңқалдыратыны, – деп сөзін бөлдім –  сіздің мұнда отырғанынызға біршама уақыт болды, ал мен әлі тірімін.

– Мен асыкпаймын, мистер Уильямс.

– Яғни, сіз біраз кешеуілдейді деп үміттенуіме болады ғой? Онда менімен бірге ішімдік ішерсіз, мистер....

Мені Смит деп атауынызға болады. Бұл қарапайым фамилия, есте сақтау киын емес. Әрине, мен ішуге карсы емеспін, бірақ, коктейльді неден жасайтыныңызды көруге болатын шығар?

– Сіз калай ойлайсыз? Менің қолымда үнемі у жүрмейтін болар?

– Сонда да.

Смит мен коктейль дайындап болғанша маған қарап тұрды. Көзімен көріп, көңілі жайланған соң ғана креслоға жайғасты. Оған қарама қарсы мен де жайғастым.

– Қазір қайда, менін әйелім? Кешкі қонақасыда, мистер Уильямс. Оның бұл қылмыска қатысы жок екеніне қонақасыға шақырылған он екі адам куә.

–Демек, мен үйіме келген қарашынын құрбанымын ғой. Солай ма?

– Иә. Мен сізді атып өлтірген соң стаканды жуып, орнына коямын. Барлық жердегі қолымнын ізін сүртіп кетемін, тіпті есіктің тұтқасына дейін.

– Сонымен қоса өзіңізбен бірге бірдемені ала кетесіз ғой, ұрлык жасалғанын дәлелдеу үшін?

– Оның қажеті де шамалы. Полиция адам өлтірген соң тонаушы абдырап ештеңе алуға үлгірмеген екен деп ойлайды.

– Көніліңізді анау картинаға аударғым келеді, – дедім мен көзіммен онын арт жағында ілулі тұрған полотноны нұсқап.

– Ол отыз мың доллар.

Смит артындағы картинаға қарады да назарын қайта маған бұрды.

– Мүмкін, сіз өміріңіз үшін ол картинаны маған бермек шығарсыз? – деп жымия сұрады.

– Иә.

Ол басын шайкады.

– Өте өкінішті, мистер Уильямс. Егер мен бір істі қолға алсам, оны аяқтауым керек. Бұл кәсіби абырой мен адалдық.

Мен стаканды үстелге қойдым.

– Менің қорқуымды күтіп отырсыз ба?

– Сіз қорқасыз, мистер Уильямс, міндетті түрде. Сол кезде сіз мені өлтіресіз иә? Оның кездері жайнап кетті.

– Құрбандардың рахым етіп аягөр деп жасануына үйренгесіз ғой?

– Иә. Шынында да олар әртүрлі жалынады.

– Сіздің жүрегіңізді соның қайсысы жібітеді? Бірақ, оның бәрі далбаса ғой, солай ма?

– Әбден дұрыс.

– Олар, әрине, ақша да ұсынады.

– Ылғи да

– Бұл да құр әурешілік қой?

– Бүгінгі күнге дейін дәл солай болған, мистер Уильямс.

– Мистер Смит, сізге көрсеткен картинанын артында, қабырғада сейф бар. Онда 15 мың доллар бар. Ол аз ақша емес.

Мен үстелдін үстіндегі стаканды қолыма ұстап картинаға беттедім. Сейфті ашып, ішіндегі конвертті алдым да стакандағы коктейльді ішіп тауыстым. Сосын бос стаканды сейфке салып қойдым да аузын жаптым. Смиттің көзі конвертте. Мен конвертті үстелдің тура Смиттін алдына тастадым. Ол біршама уакыт конвертке қарап отырды да жанарын маған қадады.

– Сіз шынымен өміріңізді осылай сатып аламын деп отырсыз ба? Мен темекі тұтаттым.

– Жок. Өзіңіз айттыңыз ғой сатылмаймын деп.

Смиттің қабағы түйіліп кетті.

– Мен конверттегі он бес мың доллар менікі деп түсіндім.

Мен конвертті аштым да ішіндегіні үстелге тастай салдым.

– Мұнда тек ескі колхаттар ғана. Сіз үшін бұл ешқандай да құнды емес. Бірінші рет онын дауысынан ызаланғандық байқалды.

– Мұнымен сіз неге қол жеткіздіңіз, түсінбеймін. Мен көзіммен үстелді нұсқадым.

– Мен тек сейфке сіздің стаканыңызды апарып кілттеп қоюға ғана мүмкіндік алдым.

– Жоқ, мистер Уильямс, ол сіздің стаканыңыз, менікі емес, – деп айқайлады. Мен күлдім.

– Жоқ, мистер Смит, ол сіздің стақаныңыз. Полицей үшін ол үлкен олжа. Оның көздері сығырайып кетті.

– Мен сізден көзімді алған емеспін. Өтірік айтасыз, сіз стақандарды айырбастаған жоқсыз.

Меніңше сіз картинаға екі рет бұрылып қарадыңыз.

Ол сезіктене картинаға тағы да қарады. Маңдайы тершіп кетті.

– Бұл мүмкін емес, – деді ол бәсең үнмен.

– Сіз мені өлтіргеннен кейін бір күндері полиция сізге келіп тұрса таңырқамассыз. Электрленген орындықта отырған адамның қандай күйде болатынын сезінудің үлкен мүмкіндігі туды деп ойлаймын. Смиттің саусақтары шүріппеге қатып қалған. Сейфті ашыңыз, болмаса мен сізді атамын, – деді бірқалыпты дауыспен.

Мен күлдім.

– Егер мен сейфті ашсам онда сіз Мені анық өлтіресіз.

Жарты минөттай үнсіз отырды да:

– Стақанды не істемексіз? – деді.

– Егер сіз мені өлтірмесеңіз, менің ойымша енді сіз мені өлтірмейтін сияқтысыз, онда мен оны жеке агенттікке апарып, сіздің саусақтарыңыздың ізін түсіріп беруді өтінемін. Ол ізді және қажетті ақпаратты сол агенттікте қалдырамын. Мені біреу өлтірсе, тіпті кенеттен басқаша жағдайда өлсем де конверт полицияға тапсырылады.

Смит бар ынтасымен тыңдап отырды. Сосын бір күрсініп алды да:

– Олай істеудің қажеті жоқ, мистер Уильямс, – деді ол – қазір мен кетемін, одан кейін сіз мені ешқашан көрмейтін боласыз. Мен басымды шайқадым.

– Бәрі бір мен осылай істеймін, жаңағы сізге айтқандай, – деп қайталадым мен. – Жеке детектив агенттігіндегі бұл хат менің болашақтағы өмірімнің кауіпсіздігінің кепілі болмақ.

Смит ойланып қалды.

– Онда неге сіз бірден полицияға бармайсыз?

– Оның да себебі бар... Смит өзінің тапаншасына қарады да асықпай қалтасына салып қойды. Онын кәдімгідей-ақ бірдемеден мазасы кетті.

– Ал, сіз ойландыңыз ба, – деді ол, – бәрі бір сіздің әйеліңіз сізден кұтылу үшін тағы біреуді жалдайтынын.

– Мүмкін.

– Сол кезде полиция мен өлтірді деп есептейді ғой.

– Сөзсіз, – дедім мен күліп – егер... Смит менің сөзімді аяқтауымды тағатсыздана күтті.

– Егер, – деп сөзімді жалғастырдым онын басқа біреуді жалдамауына сіз кедергі болмаңыз.

– Мен сізді түсінбедім, – деді.

Смит. Мен мырс еттім.

– Сізге менін әйелім айтты ғой, осы уақытта қайда болатынын?

– Ол тек қайдағы бір Питерсондардікінде қонақта болатынын, ол үйден сағат он бірде қайтатынын ғана айтты.

– Он бірде. Жақсы уақыт, қазір қараңғы ерте түседі. Сіз Питерсондардың мекен-жайын білуші ме едіңіз?

Ол басын шайқады. Мен олардың мекен-жайын айтып бердім.

– Сіз осылай істеуге тиіссіз, – дедім мен ақырын ғана. – Өз өміріңіздің қауіпсіздігі үшін.

Смит басын изеді. Пальтосының асықпай түймелерін салды. Содан соң:

– Сағат он бірде сіз қайда боласыз? – деп сұрады.

– Мен клубта боламын.

Смит кеткен соң мен стақанды алып, жолай детектив агенттігіне соқтым. Сейфке тыққан стақанды емес әрине, ондағы менің қолымның іздері ғой. Мен Смиттің үстелдің үстінде қалдырған стақанын әкелдім.

Онын саусақтарының ізі атарлықтай анық шықты.

Том МАНДЕЛ

Аударған Әлия СЕЙІЛХАНҚЫЗЫ.

Рекомендовать
Последние новости