Түркістандағы шағын және орта кәсіпкерлер 186 мың адамды жұмыспен қамтыған

Dalanews 17 дек. 2018 04:18 675

Бүгінде Түркістан облысында 125 мыңға жуық шағын және орта кәсіпкерлік құрылымдардың жұмыс істеп тұр.


Осы салада 186 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылып, олар  шығарған өнім көлемі 130,9 млрд. теңгеге жеткен.


Облыста 2018 жылдың 1 қарашасына дейін  25 136 жаңа жұмыс орны ашылған.


Сонымен бірге, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында 65 мың адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, жүзеге асуда.



Жаппай  кәсіпкерлікті дамыту бойынша «Бастау-Бизнес» жобасы аясында 1730 адам оқуға жолданып, тиісті сертификаттарын алған. «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» арнайы жобасы аясындағы «ӘР АУЫЛҒА ӨЗ ШЕБЕРІ» бастамасы бойынша облыстың 123 елді мекенінен 2588 адам арнайы оқудан өтіп, жұмысқа араласқан.


Түркістан қаласының тұрғыны Жандар Исламбек «Ырыс» микроқаржы ұйымының «Жас кәсіпкер» бағдарламасы бойынша 2 млн. теңге несие алды. Бүгінде жас кәсіпкер автокөлік май сүзгілерінің 286 түрін өндіруде. Осы кәсібі арқылы 8 адамды жұмыспен қамтып, айына 20 мың дана сүзгі шығаруда.  Бұл сүзгілер Түркістан облысы мен Шымкент қаласына сатылымға шығарылған. Тұтынушылары баршылық.

«Президентіміз биылғы Жолдауында елдің әл-ауқатын жақсартып, кәсіпкерлікті дамыту жөнінде тың міндет жүктеді. Елбасымыздың «Түркістан» еркін экономикалық аймағын құру туралы Жарлығы да Түркістанның дамуына тың серпін береді. Осы орайда 1380 га аумақта орналасқан экономикалық аймақта өндіріс орындары ашылып, жаңа жұмыс орындары пайда болады», - дейді Ж.Түймебаев.


Рекомендовать
Последние новости