Түркістандағы экобазарда мобильді қосымшамен сауда жасауға болады

Dalanews 14 сент. 2021 17:13 997

Түркістан қаласында салынған жаңа экобазарда мобильді қосымшаның көмегімен сауда жасауға болады. Жаңа жүйеге жақын күндері іске қосылады. Мұнда Түркістан облысы мен басқа да облыс, қалалардың диқандары өз өнімдерін таяуда ашылатын заманауи экобазарда саудалай алады, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фермерлер базары 14 гектар жерде орналасқан. Мұнда 900 сауда орны бар.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев осы экобазарда болып, жай-күйімен танысты. Базар басшылығы мен осы салаға жауапты өкілдерге диқандар үшін қажетті жағдайды жасау жөнінде тапсырма берді. Бұл жабық базар барлық азық-түлік тауарлары көтерме бағамен сатылатын ең ірі сауда орталығына айналмақ.

Осы күні облыс әкімі шаһарда құрылысы қарқын алған бірқатар нысандарды аралап, құрылысшылармен жүздесті. Мердігер компания басшыларымен де кездесіп, жұмысты жауапкершілікпен атқаруды жүктеді. Салынып жатқан жаңа нысандардың сапасы басты назарда тұруы тиіс екенін айтқан облыс басшысы құрылысты кестеге сәйкес аяқтауды ескертті.

Тұрғын үй секторларындағы инженерлік-коммуникация инфрақұрылымы жүйесімен қамтып, абаттандыру мен көгалдандыруға, халыққа қолайлы жағдай жасауға күш салуды тапсырды. Облыс орталығының тазалығын сақтауға қатысты жауапты сала басшыларға нақты тапсырмалар берді.


Халықаралық әуежайға барар жолда жүргізіліп жатқан көгалдандыру барысымен бақылаған өңір басшысы қаладағы жаңа арбат пен гүлзарлардағы абаттандыру жұмыстарын пысықтады. Сонымен бірге «Алатау» медиа орталығында болған облыс әкімі халықаралық телеарнаның алдағы жоспарларымен танысты.

Шаһардың жаңа нысандарын аралау барысында облыс әкімі орталық стадион және оқушылар үйінің айналасында жүріп жатқан көгалдандыру жұмыстарын да зерделеп, мердігерлерге жұмысты ширатуды тапсырды.

Рекомендовать
Последние новости