Түркістанда ХІ жазғы универсиада ойындарының ашылу салтанаты өтеді

Dalanews 15 мая 2021 17:57 1013

Түркістан қаласында 15 мамыр күні «Түркістан-Арена» стадионында XI-ші жазғы Универсиаданың ойындарының ресми ашылу салтанаты өтеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Айтулы шара ел Тәуелсіздігінің және Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың 30 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылып отыр. Сондай-ақ, «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы» атанып, аталған спорттық шара облыс орталығында алғаш рет өтуде. Бұл туралы брифингте Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Жанар Темірбекова мәлімдеді.

–  ХІ жазғы Универсиада  –  спорттың 30 түрінен еліміздің әр түкпірінен мықтыларды біріктірген ауқымды спорттық-бұқаралық жоба. Универсиада аясындағы жарыстар Нұр-Сұлтан, Алматы, Түркістан, Тараз, Қостанай, Өскемен қалаларында өтіп жатыр. Қазіргі таңда 20 университеттің студенттері өзара сайысқа түсуде. Айта кететін жайт, Түркістан қаласындағы XI-ші жазғы Универсиаданың ресми ашылу салтанатында еліміздің 20 жоғары оқу орындарынан құралған арнайы шеру, сахналық көріністер, флешмоб өтетін болады. Аталған спорттық шара «Turkistan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетілмек, –  деді Жанар Амангелдіқызы.

Сондай-ақ, брифингке қатысқан ҚР БҒМ «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» бас директоры Тастанбек Есентаев пен Халықаралық дәрежедегі төреші, профессор Әбдісадық Халилаев жарысқа қатысып жатқан командалардың дайындығы өте жоғары екендігін атап өтті.

Универсиада ойындары кезінде барлық карантин талаптары сақталуда. Спортшылар ПЦР тест арқылы қабылданып жарыстарға жіберілуде. Биылғы жеңімпаздар 2022 жылы Қытайда өтетін Дүниежүзілік жазғы Универсиадаға Қазақстан құрама командасы сапында ел намысын қорғайтын болады.

Рекомендовать
Последние новости