Түркістанда қоғамдық көліктерге электронды билет жүйесі енгізілмек

Dalanews 24 июл. 2018 06:00 863

Түркістан облысында көлік саласы бойынша жол картасы жасалынып, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі және «Зерде» АҚ-мен келісілім орнатылған. Бүгінгі күні көлік компаниялары мен инвесторлар арасында электронды билетті енгізу туралы меморандумға қол қойылды.

Пилотты жоба Түркістан қаласындағы № 1А бағытындағы қоғамдық көліктерге енгізіледі. Бұл туралы Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Бастар Есқараев мәлім етті.

Соныман қатар, бір уақытта GPS трекеры арқылы электронды билет жүйесі орнатылатын болады.

– Аталған пилоттық жоба аяқталған соң қалған барлық қалаішілік бағыттағы 21 автобусты қамту жоспарлануда. Ал электронды билет жүйесі енгізілген автобустардың жалпы саны 270-ті құрамақ. Сондай-ақ, Түркістан қаласында инвесторлар есебінен 1 «ақылды» аялдама және 5 жарнама стэлін орнату жобалануда, – деді Бастар Әуелханұлы.

Бұдан өзге, ағымдағы жылдың шілде айынан бастап облыс орталығы Түркістан қаласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында тұрақты түрде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған 20 бейнебақылау камераларын орнату көзделуде. Сонымен қатар, Кентау қаласында қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуші 10 бейнекамера және 2 интеллектуалды жол қиылысын орнату жоспарланған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Рекомендовать
Последние новости