Түркістанда Қарулы Күштер саласының ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Dalanews 07 июл. 2021 07:45 948

Түркістан қаласында «ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 10 жыл толуына орай салтанатты шара өтті, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталмыш шара «Қарулы Күштерінің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының төрағасы запастағы подполковник Б.Т.Алдабергеновтың бастамасымен жүзеге асты. Сонымен қатар, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жеке құрамы және «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының мүшелері осы шараның жоғары деңгейде өтуіне өз үлестерін қосты.

Жиын барысында бірнеше ардагерлерге ҚР Қорғаныс министрінің, ҚР ҚК Бас штабы бастығының "Алғыс хаты" табысталды. Сондай-ақ, мерекелік медальдармен «Құрмет грамоталары» табыс етілді.

– Ардагерлеріміз зейнетте жүрсе де, Қарулы Күштердің дамуы мен өркендеуіне өз үлестерін қосып, әскери ардагерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауда. Жастарымызға патриоттық тәрбие беру жолында аянбай еңбек етіп келеді. Ардагерлерге құрмет көрсету біздің және өскелең ұрпақтың міндеті, – дейді филиалдың төрағасы, Б. Алдабергенов.

Шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Рашид Аюпов Отан алдындағы азаматтық борышына адал болған азаматтарға қандай құрмет көрсетілсе де жарасатынын айтты.

Шара соңы Түркістан мәдениет үйінің өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Жалпы, бүгінгі таңда облыста 300-ге жуық әскери ардагер бар.

Рекомендовать
Последние новости