Түркістанда көне кітаптар көрмесі өтті

Dalanews 22 июн. 2017 14:15 791

2017 жылдың 21 маусым күні Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің кітапхана бөлмесінде «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіменОтырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғырудың бір кепілі − көне кітаптар» тақырыбында кітаптар көрмесінің тұсаукесері болып өтті.

Көрменің ашылу салтанатына Отырар қорық-мұражайының директор кеңесшісі Нұртаза Алдабергенов, бас қор сақтаушы Ералы Шоқай, қалалық С.Ерубаев музейінің меңгерушісі А.Бостанов, қалалық Н.Оңдасынов музейінің меңгерушісі Д.Керімбекова, тарихи-мәдени этнографиялық орталығының қызметкерлері, Түркістан қалалық өзбек этномәдени орталығының мүшелері, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің тарих факультетінің студенттері, қала қонақтары,БАҚ өкілдері және музей қызметкерлері қатысты.

Алғашқы болып сөз алған «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің директоры Жандос Әубәкір атаулы көрменің маңыздылығын айта келе, еліміздің музейлер қорында сақталғанкөне кітаптар мен қолжазбалар халқымыздың сан ғасырлық рухани байлығы болып табылатындығын, сонымен бірге Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында рухани байлықтарымызды бағамдап, болашақ ұрпақ кәдесіне жеткізуге баса назар аударылғандығын атап өтті. Сөз соңындакөрме ұйымдастырушыларға Түркістан қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің және «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің алғыс хаттарымен марапаттады.

Келесі сөз кезегін алған Отырар қорық-мұражайының директор кеңесшісі Нұртаза Алдабергенов қасиетті рамазан айында рухани жазбалардың Әзірет Сұлтан кесенесінің төрінде көрменің ашылуында үлкен мән жатқандығын жеткізіп, «Әзірет Сұлтан» қорық музейіне риясыз алғысын білдірді.

Көрмеде Отырар қорық-мұражайы қорында сақталған ХІХ-ХХ ғғ. тән бірегей кітап, қолжазбалар экспозициядан орын тепті.

Көрме көпшілік назарына бір ай көлемінде жұмыс жасайды.

Д.ҚОЖАМҰРАТОВ,


"Әзірет Сұлтан" қорық-музейінің


баспасөз қызметі.


 

 

 

 

 

 

Рекомендовать
Последние новости