Түркістан облысының 1 жылдық мерекесінде ашылған бұл фотоклуб Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-мен тікелей жұмыс істейді. Түрлі тақырыптарда фотоэкспедициялар ұйымдастырып, өңірдегі туризмді дамыту ісін насихаттайды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы міндеттерді орындау, өңірдің киелі және туристік орындарын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған фотоэкспедицияның мақсаты орындалды. Бір апта бойы өңірдің киелі және туристік орындарын түсірген экспедиция мүшелерінің 40-қа жуық суреті қойылды. Олардың ішінде Түркістан, Кентау қалаларымен қатар, Созақ, Бәйдібек, Отырар, Сайрам, Төле би, Түлкібас және Қазығұрт ауданының киелі және туристік орындары, табиғаты тамаша мекендер мен халықтың тұрмыс-тіршілігінен сыр шертетін суреттер бар.
Түркістан қаласына көшіп келіп, арнайы фотостудия ашқан Асылхан Әбдірайымұлының жаңа бастамасы көпшілікті сүйсінтіп отыр.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ашылған фотоклуб Түркістан облысының және қасиетті шаһардың оң имиджін арттырып, жастарды ізгілікке, фотоөнерге баулиды деген сенім бар.