Түркістан ивестиция иіріміне айналып келеді

Dalanews 30 июн. 2022 16:41 911

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбайдың төрағалығымен Өңірлік инвесторлар кеңесінің басқорсуы болып өтті, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алқалы басқосуға Стилловато Алекс («ARM Wind» ЖШС), Фурсаев Андрей («HEVEL Kazakhstan» ЖШС), Сарсекеев Сырымбек, («Түркістан ЯССЫ» ЖШС), Махамбет Кайсарбек («Sauran Bricks» ЖШС), Садков Николай («Ecoculture Eurasia» ЖШС), Шонбергер Алоис («EcoInvest» ЖШС), Бабакулов Нурлан («CAPABLE GROUP» ЖШС), Каскабаев Меирбек («RZN» ЖШС), Васитова Угилжан («Туркестан Агро XXI» ЖШС) қатысты.

Өңірлік инвесторлар кеңесінің негізгі мақсаты индустриялық кластерлерді құру және жаңа жұмыс орындарын ашу үшін өңірдің инвестициялық тартымдылығын жақсарту, сондай-ақ инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасау.

Түркістан қаласына облыс орталығы мәртебесін беру қалаға ғана емес, бүкіл өңірге инвестициялар тартуға айтарлықтай серпін берді.

Облыс құрылған сәттен бастап өңір экономикасына 2,2 трлн теңгеден астам қаржы бағытталды. Инвестициялардың негізгі үлесі өнеркәсіп, туризм, ауыл шаруашылығы сияқты салаларға бағытталды, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздері саласында айтарлықтай динамика байқалады.


Бүгінгі таңда Түркістан облысы бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша Қазақстандағы ең үздік өңірлердің бірі болып табылады. Облыста арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар жұмыс істейді.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының бастамасы бойынша «TURAN» халықаралық арнайы экономикалық аймағын құру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Кеңес отырысы басында облыс әкімінің орынбасары инвестициялық ахуалды жақсарту, инвестицияларды тарту біздің негізгі міндеттеріміз екенін атап өтіп, аймақтың дамуына қосқан баға жетпес үлестері үшін инвесторларға алғыс білдірді.

– 2022 жылға жыл соңына дейін 74 млрд теңге сомасына 13 жоба іске қосылады деп күтілуде. Осы жобаларды іске асыру 1 000-нан астам адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жалпы, 2025 жылға дейін жалпы сомасы 1 трлн болатын 44 инвестициялық жоба іске қосылады деп күтілуде. 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орны болмақ, – деді Инвестиция және Экспорт басқарма басшысының орынбасары Қанат Шонбасов.


Сондай-ақ, кеңес отырысында жобалардың ағымдағы мәртебесі және проблемалық мәселелер ұсынылды. Облыстың басым салалары бойынша, ол – жасыл экономика, туризм, өнеркәсіп және ауылшаруашылығы жобалары, сондай-ақ әлеуметтік жауапкершілігі бар жобалар.

Рекомендовать
Последние новости