Түркістан: Тәуелсіздік күніне орай «Менің туым – Менің елім» патриоттық акциясы өтті

Dalanews 16 дек. 2020 08:11 1032

Биылғы жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 29 жыл толуда. Осыған орай, 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні қарсаңында тұрғындардың мемлекеттік рәміздерге деген құрметін арттыру, өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін жаңғырту мақсатында облыс көлемінде «Менің туым - менің елім!» патриоттық акциясы ұйымдастырылды.

Акция аясында облыстың барлық аудан, қалаларындағы жергілікті тұрғындар өз үйлері мен елдімекендердегі әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандардың сыртына мемлекеттік ту іліп, мереке қарсаңында халыққа патриоттық рух сыйлады. Облыс орталығы Түркістан қаласынан бастау алған шара облыстағы 16 аудан, қалада жалғасты. Акция барысында облыста 20-дан аса тұрғын үйлер мен ғимараттардың  балкондарына, терезелеріне 300-ден аса мемлекеттік ту орнатылып, 200-ден аса жастар мен тұрғындар қатысты.

Сонымен қатар, Түркістан қаласы – «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратына және көп қабатты тұрғын үйлердің балкондарына – 36 мемлекеттік ту;

Арыс қаласы – Батырлар алаңы, Әйтеке би көшесі №66 көп қабатты тұрғын үй – 16 мемлекеттік ту;

Кентау қаласы – көп қабатты тұрғын үйлердің балкондарына – 16 мемлекеттік ту;

Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы – Сарыағаш аудандық мәдениет үйінің сыртқы алаңы мен көп қабатты тұрғын үйлердің балкондары – 70 мемлекеттік ту;

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы – көп қабатты тұрғын үй мен орталық алаңдарға (4 ғимарат) – 30 мемлекеттік ту;

Шардара ауданы, Шардара қаласы – көп қабатты тұрғын үйдің терезелеріне - 16 мемлекеттік ту;

Жетісай ауданы, Жетісай қаласы – көп қабатты тұрғын үйдің терезелеріне – 16 мемлекеттік ту ілінді.

Сондай-ақ,  арнайы хештегпен әлеуметтік желілерде постар, мемлекеттік тумен түскен фотолар мен бейнероликтер жарияланып, акция халықтық сипаттажалғасын тапты.

Рекомендовать
Последние новости