ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА КӘРІЗДІК ТАЗАРТУ СТАНЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

Dalanews 03 окт. 2024 10:35 2141

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Сарыағаш ауданына жұмыс сапарымен барып, аймақтың инфрақұрылымын дамытуға бағытталған маңызды нысандардың құрылысымен танысты, деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сарыағаш қаласында салынып жатқан кәріздік тазарту қондырғысын аралап, құрылыс жұмыстарының барысын көрді. Осы ретте жауапты мамандарға сапа стандарттарына сәйкес жұмыс істеуді тапсырып, экологиялық талаптардың сақталуына баса назар аударуды ескертті. Сондай-ақ жұмыстарды уақытында аяқтап, қондырғыны белгіленген мерзімде тапсыру жүктелді.

Қазіргі таңда, кәріздік тазарту қондырғысының биореактор қабырғалары тұрғызылып, судың шығу құбыры орнатылған. Электр желісі тартылып, өндірістік ғимарат қабырғаларын қалау жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, кәріздік тазарту станциясы іске қосылған соң, сарқынды сулар экологиялық талаптарға сай тазартылып, өңірдегі су ресурстарының сапасы жақсарады. Бұл жергілікті экологияға елеулі пайда әкеледі деп күтілуде. Мұндай жобалар өңірдегі су ресурстарын қорғау мен жергілікті халықтың денсаулығын сақтау үшін маңызды рөл атқарады.


Рекомендовать
Последние новости