Түркістан: қоғамдық көліктерде электронды билеттеу жүйесі жұмысын бастайды

Dalanews 28 нояб. 2018 06:04 759

Түркістан облысында Цифрландыру орталығы отандық IT-жүйелерін әзірлеушілермен бірлесіп Түркістан қаласында бірнеше пилоттық жобаларды жүзеге асыруда

Мәселен, ағымдағы жылдың желтоқсан айында Түркістан қаласының қоғамдық көліктерінде электронды билеттеу жүйесі жұмысын бастайды.

Сонымен қатар, облыс орталығындағы  Отырар шағын ауданында көп пәтерлі 10 үйді қамтитын «Ақылды квартал» жобасын жүзеге асыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының Цифрландыру орталығының басшысы Асылбек Жанғұлов мәлімдеді.

Сондай-ақ, облыстағы ІІД-мен бірігіп қауіпсіздік пен бейнебақылауды қамтамасыз ету бойынша бірнеше жобалар жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылдың соңына дейін облыстық ТЖД үшін «112 қызметі» автоматтандырылған жүйесін пайдалануға енгізу көзделіп отыр.


«Цифрландыру жобаларын үйлестіруді, сараптамалық қолдауды және өзара ықпалдастыруды қамтамасыз ету үшін Түркістан облысы әкімдігі «Түркістан» ӘКК» АҚ базасында 2018 жылы қазан айында цифрландыру орталығын құрды. Қазіргі уақытта Цифрландыру орталығы Цифрлық Қазақстан мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 15-тен астам халықаралық және Қазақстандық IT компаниялармен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды. Атқарылған іс-шаралар Түркістан облысына салынатын инвестиция көлемін 30 млн. АҚШ долларына жетуіне және IT-мамандар үшін қосымша жұмыс орындарының ашылуына септігін тигізеді деп күтілуде», - деді  Асылбек Аспандиярұлы.

 

Рекомендовать
Последние новости