Түркістан облысының барлық қалаларының ішінде алғаш болып Түркістан облысындағы цифрландыру бағдарламасына Сарыағаш ауданы қосылды.
Цифрландыру орталығымен бірге ақылды қала – Sary Agash Digital жобасы әзірленді.
2021 жылға дейін есептелген жобалар портфелінде барлығы 28 жоба бар, атап айтар болсақ олар: қаланы тиімді басқару және осы процесске белсенді азаматтарды тартуды қамтамасыз етпек.
Цифрландыру орталығының алдағы жоспары – Ұлттық Геоақпараттық жүйесінің бөлігі ретінде Түркістан облысының Бірыңғай геопорталын құру, сонымен бірге Түркістан облысын цифрландыруға ниетті отандық IT компанияларға цифрландыру жобаларын жүзеге асырулары үшін бірыңғай сервистік модель ұсыну.
Естеріңізге сала кетелік «Цифрландыру жобаларын үйлестіруді, сараптамалық қолдауды және өзара ықпалдастыруды қамтамасыз ету үшін Түркістан облысының әкімдігі «Түркістан» ӘКК» АҚ базасында 2018 жылы қазан айында цифрландыру орталығын құрған болатын.
Бүгінгі уақытта Цифрландыру орталығы Цифрлық Қазақстан мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 15-тен астам халықаралық және Қазақстандық IT компаниялармен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.