Бүгіннен бастап Түркістанда жылу беру тоқтатылды, деп хабарлайды Dalanews.kz
Түркістан қаласы әкімдігінің хабарлауынша, 2024-2025 жылдардағы қысқы кезеңнің аяқталуына және сыртқы ауа температурасының, сондай-ақ ғимараттардың ішкі ауа температурасының көтерілуіне байланысты, 1 сәуірден бастап көпқабатты тұрғын үйлерге жылу беру маусымы тоқтатылады.
Бүгінгі күні өңірде күн райы күндіз +22 С дейін көтерілуде. Ал, түнгі мезгілде +10 С шамасында болып жатыр.