Түркістан облысында жаялық шығаратын кәсіпорынның жұмысы қарқынды жүруде

Dalanews 14 апр. 2022 15:48 943

Қазақстандағы жөргек шығаратын алғашқы отандық кәсіпорындардың бірі Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылында орналасқан, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысының инвестиция және экспорт басқармасы мен «Түркістан Инвест» компаниясының сүйемелдеуіндегі бұл инвестициялық жобаның жұмысы қарқынды жүріп жатыр.

Бүгінде «Capable group» компаниясының өніміне сұраныс жоғары. Құны 2 млрд теңгелік инвестициялық жобаның 70%-ы – қазақ инвесторына, ал, 30%-ы «AROYAL ROYAL Hijyen A S» түрік компаниясына тиесілі.



Кәсіпорын минутына 600-ге дейін жаялық шығаруға қабілетті. Толық қуатымен жұмыс істегеннен кейін жылына 500-600 миллион дана жаялық шығаруға қауқары жетеді.


Инвестор өз өнімдерін Еуразиялық одақ және ТМД елдеріне экспорттауды жоспарлап отыр. Бұл отандық экспорттың дамуына қосымша серпін береді.

Сайрамда шығарылатын марка атаулары: «Saby Bala» «Bope Live» «Nomad Baby» «Baby Still «Royal» «pro Active baby» және «still Medical».

Рекомендовать
Последние новости