Түркістан облысында баланың қолын еттартқыш шайнап тастаған

Ақтоты Жапатова 11 сент. 2025 17:14

Түркістан облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері күрделі жағдайда шұғыл шешім қабылдап, бір жарым жастағы баланың өмірін аман алып қалды,- деп хабарлайды Dalanews.kz.

Төлеби ауданынан ауыр жарақатпен жеткізілген бүлдіршіннің қолы еттартқышқа қысылып қалған.

"Жарақат салдарынан ол травматикалық шокпен ауруханаға түсті. Науқас дереу жансақтау бөліміне жатқызылып, жоғары білікті хирургтардың араласуымен алғашқы хирургиялық өңдеу жасалып, шұғыл операция жүргізілді", - делінген хабарламада.

Дәрігерлердің айтуынша, баланың өміріне төнген қауіп сейілген. Қазір бүлдіршін жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Жағдайы тұрақты, оң динамика байқалады. Емдеу шаралары жалғасуда.

Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға және тұрмыстық техникамен жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.


Рекомендовать
Последние новости