Түркістан облысында 170 млн көшет отырғызылады

Dalanews 18 мар. 2021 16:47 924

Түркістан облысының аумағында 2025 жылға дейін 110 мың гектардан астам жерге 170 млн ағаш отырғызылады. Жасыл желектің басым бөлігі облыс орталығында егіледі. Ауқымды шара Мемлекет басшысының халыққа Жолдауындағы тапсырмасы сәйкес жүзеге асуда. Сонымен қатар, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен Түркістан облысында 30 млн ағаш отырғызу жұмыстары ұйымдастырылуда, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев, облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиев пен БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Табиғат күніне» орай «Бірге таза Қазақстан» атты акциясы өтті. Шара барысында 180  гектар жерге 3 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Ағаш егуге 200-ге жуық қызметкерлер жұмылдырылған.

Түркістан облысында 3 млн 131 мың гектар орман қоры бар. Орманмен көмкерілген алқабы – 1 млн 630 мың гектар. Облыс әкімінің бастамасымен, Түркістан қаласы Бас жоспарының жобасына сәйкес, қала айналасынан 7 700 гектар аумаққа «Жасыл белдеу» құру жоспары жыл соңына дейін толық жүзеге асады.


Сонымен қатар, «Жасыл белдеу» аумағына КазАтомөнеркәсіп АҚ-мен бірлесіп, 7000 гектар жерге жапырақты және сексеуіл көшеттері мен тұқымы егілді. Жыл соңына дейін оның көлемін 20 мың гектарға жеткізу жоспарланған.

Орман ағаштарын күтіп-баптау, толықтыру, орманның табиғи түрде қайта түлеуіне ықпал жасауы мен орман тұқымбақтарын дамыту шараларына облыстық бюджеттен 179 млн теңге бөлінген. Бүгінде орман тұқымбақтарының көлемі екі еке ұлғайып, 730 гектарға жеткен. Жыл сайын 40 миллионға дейін әртүрлі ағаш көшеттерін өсіру жоспарланған.

Орман алқаптарының кеңеюіне байланысты және орманды молайту және орман өсіру саласында жоспарланған жұмыстарды сапалы, толығымен орындау мақсатында арнайы техника саны артуда. Атап айтқанда, соңғы үш жылда олардың саны 400-ден аспақ. Жақын арада 59 дана техника мен 48 дана қосалқы агрегаттар алу жоспарланған.

Түркістан қаласын көгалдандыру жұмыстары бойынша Кешенді жоспарына сәйкес, орман шаруашылығын дамыту, ұлғайту, қоршаған ортаны қорғау бағдарламалары қарқынды жүзеге асып келеді.

Ғылыми есептеулер бойынша 1 гектар орман жылда 18 млн.текше метр ауаны тазартады. Немесе, сол орман бір күнінң ішінде 11 тонна улы көмірқышқыл газдарын бойына сіңіріп, ыдыратып отырады.

Рекомендовать
Последние новости