Түркістан облысына Sinopharm вакцинасының 127 мың дозасы жеткізілді

Dalanews 17 сент. 2021 17:26 1143

Түркістан облысына Sinopharm вакцинасының 105 мың доза екінші компоненті мен 22 мың доза бірінші компонент жеткізілді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған екпені барлық емханалар мен екпе салдыру пункттерінен қабалдауға болады. Жалпы өңірге COVID-19 індетіне қарсы вакцинаның 858 637 дозасы жеткізілген. Енді облыс тұрғындары ресейлік «Спутник V», отандық QazVac, Sinopharm компаниясының HayatVax екпесі, Қытайдың жасап шығарған CoronaVac және Sinopharm компаниясының Vero Cell вакцинасын қабылдай алады. Бүгінде І-құрамды 832 504 адам қабылдады, ал ІІ-компонентпен – 645 073 адам салдырған.

Соңғы тәулікте коронавирус инфекциясының 52 жағдайы тіркелді. Тәуліктік өсім 0.38 % құрайды. Індет басталғалы коронавирустың 13 705 жағдайы анықталды. Айта кетейік, облыстағы мекемелерде 8 оттегі станциясы, 400 ӨЖЖ аппараты, мыңнан аса оттегі аппараты бар. Сондай-ақ, 2 айға жететін дәрі-дәрмек қоры жасақталған, 40-тан астам дәрі қоймасы мен 800-дей дәріхана бар.

Рекомендовать
Последние новости