Түркістан: «Nur Otan» партиясының қолдаушылары көбейді

Dalanews 08 янв. 2021 12:34 910

Бүгін «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық сайлауалды штабының төрағасы Бейсен Тәжібаев үгіт-насихат кезеңіндегі атқарылған жұмыстар бойынша қорытынды брифинг өткізді. Ол өңірде сайлауалды үгіт-насихат жоспарға сай өткенін атап өтті.

Бүгінде Түркістан облысында жетекші партия атынан  320 депутаттық мандаттық орынға 631 адамнан тұратын партиялық тізім жасақталған. Оның 31% әйелдер болса, 21% – 35 жасқа дейінгі жастар. 7 үміткер Мәжіліске, 83 азамат облыстық мәслихат депутаттығына, 548 үміткер аудандық, қалалық мәслихаттарға кандидат болып тіркелді. Партиялық тізімі 74%-ға жаңарып, кандидаттардың орташа жасы 40-ты құраған.

– Түркістан облысында 1 миллион 163 мың сайлаушы бар. Олар 911 сайлау учаскеге біріктірілген болса, оған партия атынан сенім білдірілген 2733 бақылаушы бекітілді. Миллионға жуық сайлаушыны қамтитын, 4400-ге жуық іс-шараның желілік кестесі жасақталды. Бүгінгі таңға 800 мыңдай сайлаушыны қамтитын 3928 іс-шара өткізіліп, ақпараттық жұмыс жүргізілді. Оның 40%-ы онлайн форматта өткізілді. Түркістан облысының барлық елді мекендерінде сайлауалды бағдарлама таныстырылды. Облыстың барлық аудан, қалаларының көрнекі тұстарында 103 билборд ілінді. Үгіт-насихат кезеңінде үгіт материалдарын тарататын 1009 адамнан тұратын волонтерлар тобы жұмысқа алынып, насихат жүргізуде. Олардың 495-і  партия қатарына қабылданды. Үгіт кезеңінің үш толқынында 568 858 үгіт-насихат құралдары таратылды. «Jas Otan» жастар қанатының белсенділері мен кандидаттардың қатысуымен «Есіктен – есікке» акциясы аясында 220 мыңға жуық үйге насихат жүргізілді», – деген Б.Тәжібаев барша кандидаттың елмен кездесуге белсене атсалысқанын жеткізді.

Мәжіліске, облыстық, аудандық мәслихатқа үміткер 630 азамат әлеуметтік желілерде аккаунттарын жандандырып, сайлауалды бағдарламаны насихаттаған.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

(Материал ақысы Түркістан облысындағы «Nur Otan» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді)

Рекомендовать
Последние новости