Түркістан мақта зауыты медициналық өнімдер шығаратын еліміздегі бірден-бір зауыт

Dalanews 12 нояб. 2018 07:38 3881

Бүгінде еліміз бойынша мақтаны терең өңдеп, өнім шығаратын бірден-бір зауыт Түркістан қаласында орналасқан. Жақында dalanews.kz сайтының тілшілері зауытта қонақта болып, іргелі өндіріс ошағының жұмысымен танысып қайтты. Өз кзегінде зауыт басшысы Марат Молдыманов көкейде жүрген ойларын ортаға салып, жеңіл өнеркәсіп саласы, соның ішінде мақта тоқыма саласын дамытуға қатысты өз ойларын ашып айтты.



Түркістандағы мақта өңдеу зауыты 2000 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Ал арыға бажайлап қарасаңыз, зауыттың іргетасы Кеңес өкіметі құлайтын 90-жылдардың басында қаланғанын байқауға болады.

– О баста бұл зауытты Қазақстан мен Ұлыбритания бірлесіп салған, кейіннен нарықтық қиыншылықтар басталғанда зауыт жұмысын тоқтатқан. Жалпы, бұл зауыттың әлеуеті зор. Мұнда Германия, Ұлыбритания, Италияда шығарылған сапалы қондырғылар орнатылған. Бұл жабдықтармен сапалы өнім шығаруға болады. О баста зауыт мақтаны тазалап, ағартуға бағытталған-ды. Ал 2004 жылдан бері халық тұтынатын өнім шығару ісімен айналысып келеміз, – дейді зауыт басшысы Марат Молдыманов.

Бүгінде еліміздегі мақта зауыттарының көпшілігі егістіктен жиналған мақта өнімдерін шитінен тазартып, тығыздап, сырт елдерге экспорттауға дайындайтынын білеміз. Қазақстанда мақта Түркістан облысында ғана өсіріледі. Сондықтан мақта зауыттарының дені осы облыстың аумағында орналасқан. Түркістан облысындағы зауыттардың көпшілігі мақтаны шитінен, яғни, дәнегінен айырып, жуып тазалау ісімен ғана айналысады. Елімізде өсірілген мақтадан таза өнім шығармайды. Ал Түркістан қаласындағы орналасқан мақта зауыты мақтадан халық күнделікті тұрмыста тұтынатын медициналық және косметикалық бұйымдар шығару ісін жолға қойған бірден-бір кәсіпорын.

Зауыт жұмысшылары дайын өнім шығару үшін бірінші кезекте мақтаны шитінен айырады. Бұдан соң мақтаны шаң-топырақтан тазартып, сорттайды. Өйткені медицина мен косметика саласына қажетті өнім шығару үшін бірінші сортты мақта қажет екен. Әбден сұрыпталған мақта 7 сағат бойына қайнатылып, тазартылады екен.



 

Dalanews.kz

Рекомендовать
Последние новости