Түркістан көшелеріне 5G-ге тегін қосылу аймағы ашылды

Dalanews 18 окт. 2021 11:42 947

Елдегі ірі байланыс операторы «Қазақтелеком» Түркістанда 5G базалық станциясын іске қосты. Нәтижесінде қаланың Бекзат Саттарханов даңғылында бесінші буын ұялы байланыс желісінің 5G-хот спот-аймағын құруға мүмкіндік берді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан – Қазақстанның ежелгі қалаларының бірі, ол уақыт өте келе ішкі және сыртқы туризм орталықтарының біріне айналуы тиіс. Бірақ көптеген ғасырлар бұрын Самарқанд, Бұхара, Хиуадан өткен керуен жолдарының қиылысында пайда болған елді мекеннің туристік тартымдылығын арттыру үшін телекоммуникация саласында да ауқымды инфрақұрылымдық жұмыстар қажет. Осы бағытта биылғы күзде облыс бесінші буын ұялы байланыс орнатуға алғашқы қадам жасады: қаланың әкімшілік орталығын облыс орталығының кіреберіс қақпаларымен байланыстыратын Бекзат Саттарханов даңғылында «Қазақтелеком» АҚ 5G базалық станциясын орналастырды.

«5G саласындағы көптеген сынақтар мен пилоттық жобалардан кейін, компаниямыз өзінің инфрақұрылымына негізделген тұрақты түрде бесінші буын желісін іске қосып, осы саладағы технологиялық көшбасшы мәртебесін тағы бір растады»,-дейді «Қазақтелеком» АҚ басқармасының төрағасы Қуанышбек Есекеев - Бұл желі барлық қала тұрғындары мен қонақтарына қол жетімді болады, 5G-ге лайықталған смартфондарды қолданушылар «ауыр» мазмұнды жүктеу кезінде, UHD сапасымен бейне контент тамашалау кезінде, жаңа стандарттың барлық артықшылықтарын бағалайтын болады. Осы арқылы 3G / 4G желілерімен салыстырғанда, 5G желілеріндегі жылдамдық пен кідірістің айырмашылығын сезініп көреді. Естеріңізге сала кетейін, 5G технологиялары 4G технологиясына қарағанда жоғары өткізу қабілеттілігін қамтамасыз етеді, құрылғылар арасында өте сенімді кең ауқымды байланыс жүйесін құрады, сонымен қатар 4G жабдығына қарағанда сигналдың кешігуіне жол бермейді және батарея қуаттылығын сақтайды. Мұның бәрі IoT дамуына, халық арасында жаңа стандарттың таралуына оң әсерін тигізеді. Жаңа стандарттағы желілерді құру бойынша алғашқы ауқымды жұмысты бірінші болып «Қазақтелекомның» жүргізгенін біз мақтан тұтамыз», - дейді ол.

Компанияның бірінші басшысының айтуынша, 5G технологиясы мобильді интернет үшін де, тұрғындарға сымсыз Интернетке қосылуды қамтамасыз ету үшін де, IoT (Интернет заттары, Интернет заттары) кейстері үшін де кеңінен қолдануға болады. Сонымен қатар Big дата негізінде қызметі толықтай автоматтандырылған, басқарушылық шешімдер қабылдауға, талдауға және «ақылды қала» элементтерін енгізуге жғдай жасайды.

5G желісі C-band диапазонында, яғни жер үсті және спутниктік радиобайланыс үшін пайдаланылатын Non-Standalone режимінде (NSA, автономды емес стандарт) толқын ұзындығы диапазонында іске қосылды.

NSA қолдану 5G базалық станциясын қолданыстағы LTE желісіне қосу мүмкіндігін және Қазақстанда жұмыс істейтін ұялы байланыс операторларының 4G пакеттерімен біріктіруді білдіреді. Енді қазірдің өзінде Түркістанда 5G технологиясына лайықталған құрылғылары бар, Altel мен Tele2 абоненттері жаңа жүйрік желіні қолдана алады. Осы ретте атап айтары маңызды мәселе бүгінгі таңда Қазақстанда 5G желісінде тек Xiaomi мен Huawei компаниясының құрылғылары лайықталған. Дегенмен «Қазақтелеком» Apple, Samsung және Vivo компанияларымен Қазақстанда 5G технологиясын қолдау үшін осы өндірушілердің құрылғыларын қайта жабдықтау туралы белсенді келіссөздер жүргізуде.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Рашид Аюповтың айтуынша, Түркістанда 5G желілерін іске қосу тек аймақ үшін ғана емес, жалпы Қазақстан үшін маңызды. «Біз Ақмола облысының Ақкөл қаласындағы Қазақтелекомның пилоттық жобасын мұқият қадағалап отырдық, онда оператордың цифрлық шешімдері «Ақылды қаланың» әр түрлі элементтерін енгізуге мүмкіндік берді, бұл азаматтардың өмірін қауіпсіз әрі ыңғайлы етеді», - деп атап өтті Рашид Аюпов. - Біз осындай шешімдерді Түркістанда қолданғымыз келеді, дегенмен біздің елді мекендердің көлемі жағынан айырмашылығы түбегейлі жаңа, қуатты инфрақұрылым арнасын қажет ететінін түсінеміз. Соның бірі қазіргі уақытта Түркістан тұрғындарына көптеген мүмкіндіктерге жол ашқан 5G стандарты. 5G технологиясы біз үшін ұтқырлықта, жылдамдықта және қызмет көрсету сапасында жаңа өлшемдерді жүзеге асыруға сеп болады. Бұл желінің Түркістанда іске қосылуы қаланы басқаруда жаңа сценарийлерді енгізуге, көлік инфрақұрылымын цифрландыруға және «Ақылды қала» жобасын іске асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, 5G желілеріне еркін қол жеткізу аймақтары қаламызға туристер ағынын ұлғайтуға қосымша ынталандыру құралына айналады, ал бұл біздің болашақтағы басты міндеттеріміздің бірі», - деп атап өтті ол.

5G технологиясының іске қосылуы мобильді интернеттің жылдамдығы мен сапасы тұрғысынан пайдаланушыларға көптеген артықшылықтарға жол ашады: Түркістанның алғашқы хот спотын іске қосу үшін «Қазақтелеком» АҚ 5G базалық станциясына 10GE жеке оптикалық желілік арнасын ұйымдастырды, бұл деректерді беру жылдамдығын 1,2 Гбит/с дейін арттырады. Ежелгі қаланың орталық артерияларының бірінде 5G базалық станциясының іске қосылуы Түркістанда бесінші буын желісін құруға және оның аясын кеңейтуге алғашқы қадам болып табылады.

2022 жылдың басында Б.Саттарханов даңғылының әр бөлігінде орналасқан әуежай, әкімшілік-іскерлік орталығы мен мәдени-рухани орталықтың байланыс аймағын құру үшін 5G базалық станцияларын қосымша орнату жоспарлануда.

«Қазақтелеком» АҚ Инновациялар жөніндегі бас директоры Нұрлан Мейірманов өз кезегінде 5G желілерінің құрылысы компания дамуындағы стратегиялық басымдық болып табылатынын атап өтті. Бұл технология мобильді желілерде деректерді беру жылдамдығының айқын бәсекелестік артықшылықтарынан бөлек, «Қазақтелекомның» бизнестің принципті жаңа мәселелерін шешудегі мүмкіндіктерін кеңейтеді, олар: корпоративтік клиенттердің жекелеген элементтерін цифрландырудан бастап, Қазақстанда «ақылды қалалар» мен цифрлық өнеркәсіптің архитектурасын құруға дейінгі процестер.

«Біз Түркістан қаласындағы пилоттық желімізді әлемдегі ең кең таралған және кеңінен ұсынылатын радиожиілік диапазонында орналастырдық», - дейді Нұрлан Мейірманов. - Біз жаңа желінің сапасын 5G құрылғыларының бірнеше түрлерінде, оның ішінде 5G смартфоны мен 5G модемінде тексеріп көрдік. Бұл құрылғыларды тестілеу кезінде біз тұрақты түрде 1-1,2 Гбит/с жылдамдыққа қол жеткіздік, ал желінің орташа кідірісі 7-8 мс болды, бұл біз күткен нәтижелерге және кеңейтілген мобильді кең жолақты стандарттарға сәйкес келеді, сонымен қатар URLLC яғни кідірісі төмен өте сенімді байланыс стандартына сай. Басқаша айтқанда, біз ең қарапайым гаджеттері бар қарапайым қолданушы үшін осы желімен жұмыс істеу мүмкіндігін тексердік және жаңа желі біз орнатқан параметрлерге толық сәйкес келетініне көз жеткіздік», - дейді компанияның Инновациялар жөніндегі бас директоры Нұрлан Мейірманов.

«Қазақтелеком» Түркістанда тұсауы кесілген алғашқы жоба - Қазақстанның цифрлық экономикасының дамуына және компаниялардың цифрлық трансформациясына негіз болатын бүкіл ел бойынша құрылатын келешек хот спот нүктелерінің прототипі екеніне сенім білдірді.

Рекомендовать
Последние новости