Түркістан экономикасына 200 млрд теңгеден астам инвестиция тартылған

Dalanews 17 нояб. 2021 11:57 1047

Түркістан қаласының негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 200 млрд 542,9 млн теңгені құрады. Бұл өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 84,4 пайызға артқандығын көрсетеді. Бұл туралы брифингте 9 айда атқарылған жұмыстарды қорытындылаған қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков мәлімдеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қалада үдемелi индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында «Өңірлердің кәсіпкерлігін қолдау картасына» құны 11 млрд 106,4 млн теңгені құрайтын 15 жоба енгiзiлген.

– Өңірдегі өнеркәсіп өнімінің көлемі 13 млрд 567 млн теңгені құрады.  Өнеркәсіп өнімі бойынша қаланың облыс көлеміндегі үлесі 2,9% құрап, облыстағы аудан-қалалар арасында 5 орында тұрақтады. 2021 жылы өнеркәсіп саласында жалпы құны 2 млрд 754 млн теңгені құрайтын 4 жоба іске асырылып, 1 367 жұмыс орны құрылды. Олар: «Turkestan Textile» БК» ЖШС тоқыма жіп өнеркәсібі,  жоба құны 500 млн тенге, 1100 жаңа жұмыс орнымен;  «Euro Blok Production» ЖШС газобетон блоктар зауытының құрылысы, жоба құны 113 млн теңге, 10 жаңа жұмыс орнымен; «Спецстрой» ЖШС, жоба құны 1 млрд 100 млн теңге, 241 жұмыс орнымен; «EKP-Group 878» ЖШС бетон зауытының құрылысы, жоба құны 1 млрд 41 млн теңге, 16 жаңа жұмыс орнымен, – деді Нұрбол Әбдісаттарұлы.

2022-2025 жылдары «Түркістан» индустриалды аймағында 78 млрд 950 млн теңгеге 5 инвестициялық жоба жүзеге асады. Нәтижесінде 1 433 жұмыс орны құрылады.

Рекомендовать
Последние новости