Түркістан: Бәйдібекте Жастар күніне орай салтанатты шара өтті

Dalanews 13 авг. 2024 19:44 1311

Бәйдібек ауданында 12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай ашық аспан астында салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Open Air-2024» гала-концерті аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев қатысып, барша аудан жастарын мерекемен құттықтады.

«Жастармен бірге» шарасында түрлі салада үздік нәтиже көрсетіп, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып жүрген бірқатар жастар алғыс хаттармен марапатталды.

Халықаралық жастар күніне орай, жастардың сүйіп тыңдайтын әншілері Мұхтар Ханзада, Жолдасбек Әбдіхан, Али Өтенов, Шұғыла Тұрсынбай секілді елге танылған бірқатар жұлдыздар да арнайы қонақ болды. Олар әсем әндерімен аудан жастары мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлады.

 


Рекомендовать
Последние новости