Түркіменстан президенті ұлын министр етіп тағайындады

Dalanews 10 февр. 2020 09:01 789

Бұған дейін Сердар Бердімұхамедов Ахал облысының басшысы орынбасары және сыртқы істер министрінің орынбасары қызметтерін атқарған.




Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов ұлы Сердар Бердімұхамедовті өндіріс және құрылыс министрі етіп тағайындады.

Бұл жөнінде 8 ақпанда мемлекеттік БАҚ хабарлады.

38 жастағы Сердар Бердімұхамедов былтырдан бері Ахал облысын басқарып келген. Түркімен лидері ұлын кезекті рет жоғарғы қызметке тағайындауын бақылаушылар оның "мұрагер" дайындау әрекетіне көшкені деп қабылдап жатыр.

Жаңа қызметте Сердар Бердімұхамедов Ахал аймағының жаңа орталығын құру бойынша амбициялық жобаны иске асырумен айналыспақ. Өткен аптада түрімен президенті жаңа қаланы құруға 1,5 млрд доллар бөлу бойынша жарлыққа қол қойған.


Бұған дейін Сердар Бердімұхамедов Ахал облысының басшысы орынбасары және сыртқы істер министрінің орынбасары қызметтерін атқарған. Бұдан бөлек ол - өлке парламентінің мүшесі.

Рекомендовать
Последние новости