Түлкібаста өткен жылы 627 тонна жаңғақ жиналды

Dalanews 28 янв. 2019 09:24 1294

Түлкібас ауданында соңғы 2 жылдың көлемінде жаңғақ шаруашылығын дамыту жолға қойылды.

Жаңғақ ағашы облысымыздың барлық өңірінде өсе бермейтін өсімдік. Түлкібас, Төлеби, Сайрам және Қазығұрт аудандарының тау бөктерінде және үй іргелік жерлерінде өседі. Түлкібас ауданының аумағында жаңғақ ағаштарын өсіріп, одан өнім алумен осы мерзімге дейін үй-іргелік жерлеріне отырғызып, өнім алынып келген. 2018 жылы ауданымызға облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес 250,0 га жаңғақ отырғызу тапсырмасы беріліп, 257,5 га отырғызылып, меже 103 пайызға орындалды.

Ағымдағы жылы аудандық статистика басқармасының ресми мәліметіне сәйкес жаңғақ дақылынан 627,6 өнім жиналған. Жаңғақ өнімін жинауды аудан тұрғындары жеке кәсібі ретінде іске асыруда. Аудандық орталық базар жаңынан қабылдау пунктерін ашып, сапасына қарай  өнімнің піскен кезінде бағасы 400-500 теңгеден сатып алып, қайта өндеуден өткізіп, қабығынан ажыратылып (пайдалануға дайын күйінде) облысымыздың ірі сауда орталықтары мен кондитерлікцехтарға немесе басқа өңірлерге килограмы 1200-1500 теңгеден өткізуде.

Рекомендовать
Последние новости