Бұған қоса кәсіподақ ұйымдарына, мекеме басшылары, демеушілер, ата-аналар есебінен 3500 жуық оқушыны аудан, облыс, республика көлемінде орналасқан сауықтыру орындарында демалту да жоспарда отыр.
Сонымен қатар, жаз айларында білім беру ұйымдарында «Латын әліпбиіне көшудің жаңа көкжиектерімен ерекшеліктері» тақырыбындағы әдістемелік тілдік үйірме курстар, аудандағы аз қамтамасыз етілген көп балалы отбасы оқушыларына 6 білім беру ұйымында робототехника бойынша үйірме жұмыстары ұйымдастырылды.
59 мектеп жанынан тамақтанумен, ал барлық жалпы орта негізгі мектептердің жанынан тамақтанумен және тамақтанусыз екі-үш ауысымнан сауықтыру алаңдары жұмысістеуде. 5206 астам оқушы бір мезгіл тамақпен, 6099 астам оқушы тамақтанусыз демалту жоспарлануда, барлық жалпы орта және негізгі мектептерде құрылатын көгалдандыру және орманшылық бригадаларына 1500 оқушы, аудандық «Өнер» мектебі, жас туристер станциясы, спорт мектептерімен спорт кешендері жанынан ұйымдастырылатын әр түрлі үйірмелерге 1600 оқушы, мектептерде ұйымдастырылатын клубтар мен қызықтыру үйірмелеріне 1500 астам оқушы қамтылуда.