«Туған елге тағзым» өлкетану – зерттеулік экспедицияның ізімен

Dalanews 27 июн. 2023 11:19 878

Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Зияткерлік мектебі “Туған елге тағзым” өлкетану-зерттеулік экспедицияға шықты.

Бір аптаға созылатын танымы мен берері мол экспедицияға жолдаманы мектептің үздік оқушылары ұтып алды.



 

«Туған елге тағзым» өлкетану және ғылыми-зерттеу экспедициясы NIS-тің басты миссиясы– оқушылардың академиялық және ғылыми жобалық іс-әрекеттерін біріктіруді жүзеге асыруға арналған бірегей эксперименталды алаң. Алматылық зияткерлер экспедицияның барысында өңірдің көрнекті жерлерін аралап қана қоймай, ғылыми жобалар портфолиоларын құнды ақпараттармен, зерттеулермен толықтырады.



Түрген шатқалына барған саяхат ашық аспан астындағы мұражаймен жалғасып өңірдің тарих қойнауында жатқан сырға толы құпиялары зияткерлерді жаңа зерттеулік жобаларға шабыттандырды.

– Есік мұражай-қорығы тарихымыз жайлы көп ақпарат алып, мұражайдың басты экспонаты “Алтын адамды” тамашаладық. Ішінде сақ дәуірінде өмір сүрген адамдардың тұрмыста қолданған заттарымен, әшекей-бұйымдарымен таныстық. Мұражайға бару мақсатымыз - тарихымызға тереңірек үңілу болды, – деп әңгімеледі NIS оқушысы Қосан Арлан.



Түрген шатқалының әйгілі Аюлы сарқырамасының басында оқушылар ғылыми жобаларының тақырыбын таңдап, жұмыстарын бастап кетті.

– Сарқырамаға барар жолдың жағдайына қарап, “Экотуризм” тақырыбында мобильдік қосымшаны әзірлеу ой келді. Яғни, ғылыми жобамыздың мақсаты - Қазақстандағы экотуризмді дамыту жолдарын қарастыру болып табылады,– – деп қосты Арлан.

“Туған елге тағзым” өлкетану-зерттеулік экспедициясының 4-ші күнінде зияткерлер Іле Алатаудың інжу маржаны, табиғаттың керемет бұрышы Колсай өңіріне жол тартты. Биология пәні мұғалімі Мейрамбек Мұталханов, химия пәні мұғалімі Гүлмира Алмабекова, география пәні мұғалімі Ноян Берекенің жетекшілігімен оқушылар Іле-Алатаудың інжу-маржаны түзелген тарихы, өсімдіктер мен жануарлар әлемі туралы түрлі зерттеулерін осы жерде жалғастырды.

Зияткерлер табиғат аясында жетекші Гүлмира Алмабекованың бастауымен химияның қыр-сырларын тәжірибе арқылы меңгерді.

Оқушылардың портфолилорына Қөлсай көлдері, су қайнауының ерекшілектері, кермектігіне арналған жобалар кірді.

Жылда Назарбаев Зияткерлік мектептерінде жаздық жорыққа шығатын экспедицияның ізімен оқушылар шамамен жиырмаға жуық жаңа жобаларды бастап, зерттеу жүргізіп, сол жұмыстарымен республикалық деңгейде түрлі ғылыми жобалар байқауына қатысып жаңалықтар ашуда.

 

 

 

 

 

 

 

 

Рекомендовать
Последние новости