"Туған екенсің, шыда": Әншілер Бейбіт Қорғаннан бала тудым деген әйелді кінәлап жатыр

Dalanews 05 февр. 2024 12:51 8909


Атырау қаласының тұрғыны Нұргүл Зиханова Бейбіт Қорғаннан ұлы бар екенін айтып,дабыл қаққан еді. Содан соң әнші ДНҚ тапсыруға мәжбүр болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.


«Астарлы ақиқат» бағдарламасының бұрынғы жүргізушісі Дина Төлепбергеннің жазуынша, бұл тақырып өзінің тұрақты бақылауында көрінеді. Олар ДНҚ алу үшін ақыры Бейбіт Қорғанды сотқа сүйреген.



"Оның қан тапсыруға қалай келгенін көрсеңіз, шошисыз. Құдды бір отадан шыққан Майкл Джексондай, «Маска» шоуы маңырап қалады. Ауыр диагноздағы бала жайлы бірдеңе айтар ма деп едік, ләм-мимсіз ұзатылып жатқандай артына қайырылмай кетті", – дейді Дина Төлепберген.



Ал әншінің өнердегі әріптестері атыраулық әйелдің әрекеті дұрыс емес деп санайды. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жеңіс Ысқақованың пайымынша, бұл іске әйелдің өзі кінәлі.



«Оның оған үйленбейтінін біле тұра, қойнына кірдің бе, басыңмен істедің бе, мойныңмен көтер. Ал жақсы бір талантты жігіттен туған екенсің, онда шыда. Оның тумауына да болар еді», – дейді Жеңіс Ысқақова.




Рекомендовать
Последние новости