Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінде тағайындаулар жүргізді

Көркем Алдабергенова 23 сент. 2024 16:07 2191

Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінде тағайындаулар жүргізді, - деп хабарлайды Dalanews.kz

 Мемлекет басшысының өкімімен Марат Қабиденұлы Жұмабаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры лауазымына тағайындалды.

 Мемлекет басшысының өкімімен Алмас Тілепбергенұлы Наймантаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

 Мемлекет басшысының өкімімен Бақытбек Жамалбекұлы Қосжанов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.


Рекомендовать
Последние новости