Тоқаев Трамппен кездеседі - БАҚ

Сағыныш Сардарова 03 нояб. 2025 10:53

Осы аптада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-қа барады. Президент Ақ үйде Дональд Трамппен кездеседі, деп хабарлайды Dalanews.kz 24.kz-ке сілтеп.

Мұнда С5+1 саммиті өтеді. Бұл саммитке Қазақстанмен қатар Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан басшылары қатысады. Жалпы Президенттер деңгейіндегі мұндай саммит алғаш рет екі жыл бұрын, 2023 жылы өтті. Бұл жолғысы - екінші саммит. 

Еске салайық, өткен аптада Мемлекет басшысы АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гормен және АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландаумен кездесті. 

Кездесуде Вашингтонда өтетін С5+1 саммиті қарсаңында қазақ-америка кеңейтілген стратегиялық серіктестігін дамыту перспективасы талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа С5+1 саммитіне арнайы шақырғаны үшін алғыс айтты.


Рекомендовать
Последние новости