ҰҚК шетелдіктермен арнайы операция өткізді: Алматыда бір адам ұсталды

Сағыныш Сардарова 26 февр. 2026 09:23

Қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті шет мемлекеттің құзыретті органдарымен бірлесіп, есірткіге қарсы халықаралық операцияны жүзеге асырды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

ҰҚК мәліметінше, бірлескен әрекет нәтижесінде Алматы қаласында 8 келі синтетикалық "метамфетамин" алу кезінде Қазақстан азаматы ұсталған.

Бұл дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Сот санкциясымен ұсталған адамға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove