Қарағанды зообағында африкалық саванналардың жаңа тұрғындары - гиеналар мен гиена тәрізді иттер пайда болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Жануарлар айырбас бағдарламасы аясында Ереван қаласынан жеткізілген.
Қазіргі уақытта олардың бесеуі де карантинде. Соған қарамастан, келушілер зообақтың жаңа тұрғындарын көре алады.
Жолақты гиеналар 2008 жылы Халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген. Қарағандыға екі ұрғашы және бір еркек гиена әкелінген. Ал гиена тәрізді иттер - бір жұп, яғни бір ұрғашы мен бір еркек. Олар үшін алдын ала кең вольер дайындалып, қоректену рационы да зерттелген.
Күндіз олар көбіне ұйықтайды, ал түнде белсенді болады. Жаңа тұрғындар жас әрі дені сау, сондықтан зообақ әкімшілігі төлдеу болуын асыға күтіп отыр. Бұл жануарлар мысықтәрізділер тұқымдасына жатады және Африканың саванналарында мекендейді.
