Тоқаев: "Тапсырма орындалған жоқ. Жер әлі де латифундистер қолында"

Dalanews 14 нояб. 2019 12:35 754

Қасым-Жомарт Тоқаев шын жұмыс істегісі келетін диқандар мен шаруаларға жер жоқ деп санайды. Бұл туралы ол Ақмола облысын дамыту жөніндегі кеңесте айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
- Жолдауда жер өңдеумен айналыспайтын латифундистердің иелігіндегі жерді мемлекет меншігіне қайтаруды тапсырғанмын. Мен мұны қызыл сөз үшін айтқаным жоқ, бұл өте маңызды тапсырма.

Ақыры не болды, жерден шын өнім алғысы келетін еңбекқор диқандарға, шаруаларға жер жоқ, мал жаятын жер жоқ, сондай күнге жеттік, - деп атап өтті Президент твиттеріндегі жазбасында.

Ол жұмыстың баяу жүріп жатқанына наразы.
- Менің тапсырмам бойынша жұмыс өте баяу жүріп жатыр. Мүдделі тараптардың қысымына бой алдырып, бұл істі кейінге қалдыруды ұйғарған секілді ме деймін, - деді Тоқаев.


https://twitter.com/AkordaPress/status/1194860169760559109

Рекомендовать
Последние новости