Бейжіңдегі әскери парад алдындағы сурет жарияланды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Екінші дүниежүзілік соғыстағы және жапон басқыншылығына қарсы күрестегі Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған әскери парадты тамашалады.
Кейінірек Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына орай өткен әскери парадты тамашалаған мәртебелі меймандардың құрметіне ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің атынан ұйымдастырылған салтанатты қабылдауға қатысты.
Ақорда жариялаған кадрларда Қасым-Жомарт Тоқаев Ким Чен Ынмен бір үстелде отырғаны көрінеді.