Тоқаев мырза, Тұрсынбек Қабатовтың ұсынысын қолдап қана қоймай іске асыруға күш салыңыз

Dalanews 12 дек. 2017 11:27 985

Жақында белгілі актер «Әзіл әлемі» театрының басшысы Тұрсынбек Қабатов домбыра үйрену сабағын мектепте пән ретінде оқыту керектігін айтып, ұсыныс жасаған еді. Т.Қабатовтың бастамасы ҚР Парламенті Сенатында қолдау тапты.

Әзілкештің ойын көп сенатордың бірі емес, Сенаттың Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі қолдады. Ол Қабатовтың ұсынысына қатысты пікірін Twitter-дегі парақшасында жазып, өзінің бұл ұснысты қолдайтынын білдірді.

– Белгілі әртіс Тұрсынбек Қабатов мектеп бағдарламасына домбыра үйрену сабақтарын енгізуді ұсынды. Факультатив ретінде енгізуді қолдаймын, – депті Сенат Төрағасы.

Иә, домбыраны факультативті сабақ ретінде енгізуді барлық қазақ қолдайтыны анық. Қ.Тоқаев қолында билігі бар еліміздегі ықпалды саясаткер екенін білеміз. Сондықтан Тұрсынбектің бастамасын Тоқаев құр сөзбен қолдау көрсетпей, нақты іспен қолдау көрсетсе жөн болар еді.

Тоқаев «қолдаймен» деген Тұрсынбек те қарап қалмай, бұл істің соңына түсіп, көкейдегі ойының іске асырғанша жарғақ құлақтары жастыққа тимей жұмыс істегені дұрыс. Әйтпесе мұндай идеяны талай адам айтты ғой. Қазір бізде істен гөрі сөз көп болып тұр ғой.

Рекомендовать
Последние новости