Тоқаев елдегі эпидахуал жөнінде кеңес өткізеді

Dalanews 17 июл. 2021 13:35 795

19 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөнінде жұмыс кеңесін өткізеді, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Бұл жөнінде Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли ресми мәлімет таратты.

« Жиынға Премьер-Министр, ведомстволардың басшылары, қалалар мен облыстардың әкімдері қатысады. Мемлекет басшысы коронавирус індетіне қарсы күрес жөніндегі шаралар туралы Үкіметтің есебін тыңдайды.

Кеңес барысында өңірлердегі жалпы жағдайды жақсартуға және Қазақстан азаматтарының денсаулығын сақтауға бағытталған үйлесімді іс-қимыл жоспары қабылданбақ» делінген хабарламада.

 

Рекомендовать
Последние новости