ТЖД мен көлік инспекциясының қызметкерлері Бұқтырма су қоймасын күзетуді күшейтті

Dalanews 16 авг. 2024 15:59 2375

Жақында шағын кемелердегі қауіпсіздік шаралары мен суға түсіп жүрген адамдардың өзін-өзі ұстау ережелерін сақтау мақсатында кезекті тексеріс жүргізілді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлы айтуынша, кейбір адамдар шағын кеме борттарында, катамарандарда және басқа да су көліктерінде құтқару кеудешесін кимеген. Ал кейбірі шектеу қойылған межеден асып шомылып жүр.

- Полиция қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілген тексеріс кезінде 1583 тәртіп бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы су пайдалану ережелерін бұзғаны үшін 46 адамға ескерту жасалса, 24 адам 412-бап (су объектілеріндегі қауіпсіздік ережелерін бұзу) бойынша жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар алкогольдік ішімдіктерді ішкен 1480 адам жазаға тартылған.

Төтенше жағдайлар департаменті суға түсу маусымы басталғалы облыста 4 адамның суға кеткенін еске салады. Жазатайым оқиғалар шомылу үшін жабдықталмаған жерлерде орын алған.


Рекомендовать
Последние новости