"Тыңдар құлақ жоқ....". Бесбаев Сағынтаевқа өкпелеп қалды

Dalanews 24 сент. 2020 08:41 830

Белгілі әнші Мейрамбек Бесбаев Алматы қаласының әкімдігіне үн қатты. Беспаев Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың мәдениет саласы бойынша штаттан тыс кеңесшісі. Айтуынша қала басшылығы әншінің ақыл-кеңесіне құлақ аспаған.




"Алматы – көшелерінде талай мықтының табанының табы қалған, ән мен жырға арқау болған алып шаһар. Бір өкініштісі, сол қаланың бұрышынан қуықтай мекен бұйырмай жүрген өнердегі біраз ақсақалдарымыз бар. Айтудай-ақ айттық. Тыңдайтын құлақ жоқ.

Өнерпазына үрке қарайтын елде тұрып жатырмыз. Алдыңғы буын ағаларымызды ардақтайтын бір басшы табылмағаны өкінішті. Барын бағалай алмаған елдің ертеңіне сеніммен қарауға бола ма?", - деп жазды Бесбаева парақшасында.

Беспаев былтырғы жылдың қыркүйегіне Алматы әкімінің мәдениет саласы бойынша штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалған.


Соның алдында ғана Беспаев Сағынтаевтың мәдениет саласында ауқымды жұмыстар атқарғанын хабарлаған болатын.

"Алматы әкімі қысқа мерзім ішінде аузы толтырып айтарлықтай тың дүние жасады" деп мақтаған болатын

Бесбаев биылғы жыл басынан бері Қазақстан орындаушылар одағының төрағасы қызметін қатар алып жүр. Әнші өнер иелерінің құқығын қорғайды.

Мейрамбек Әбіләшімұлы Бесбаев 1976  жылы Жамбыл облысында туған. Әнші, термеші, МузАРТ тобының мүшесі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.

Рекомендовать
Последние новости