Таяу Шығыстан жеткізілген қазақстандық терроризмге қатысы бар деген күдікке ілінді

Қаракөз Амантай 11 авг. 2025 11:16

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметі хабарлағандай, терроризм ісінің фигуранты Таяу Шығыстан Қазақстанға жеткізілді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Хабарламада айтылғандай, 2025 жылдың 10 тамызында ҰҚК қызметкерлерінің сүйемелдеуімен Астана қаласына халықаралық террористік ұйымның қызметіне қатысы бар деген күдікке ілінген Қазақстан азаматы жеткізілген. Ол бұған дейін Таяу Шығыс елдерінің бірінде ұсталған.

Тергеу органдары күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 257-бабы бойынша (“Террористік топты құру, оған басшылық ету және оның қызметіне қатысу”) қылмыстық іс қозғаған.

Сот санкциясымен ол қамауға алынды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Рекомендовать
Последние новости