Вице-министр Қазақстанда жақсы өмір сүру үшін жалақы қанша болу керегін айта алмады

Көркем Алдабергенова 09 окт. 2025 13:45

Еңбек вице-министрі Аскарбек Ертаев Қазақстанда жақсы өмір сүру үшін жалақы қанша болу керегін айта алмады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ертаевтың айтуынша, қазақстандықтардың табысы медиандық жалақыға тең немесе одан жоғары болуы керек. 

Қазіргі таңда медиандық жалақы 288 мың теңге. Ел бойынша орташа жалақы мөлшері – 400 мың теңге.

Оның сөзінше, 95 мың ұйымның ішінде 73 мыңы немесе 76%-ы өз қызметкерлеріне медиандық жалақы деңгейінде немесе одан жоғары еңбекақы төлейді.

«Қалған ұйымдармен жұмыс жүргізіледі. Біздің жоспарымыз – 2030 жылға дейін Халықаралық еңбек ұйымының ұсынымына сай жалақы деңгейіне жету. Ол Индекс Гейтса бойынша 50%-дан төмен болмауы керек. Бізде қазір бұл көрсеткіш 30%-ды құрайды, яғни төмен. Сондықтан біз кезең-кезеңімен 50%-дық көрсеткішке жетуді көздеп отырмыз», – деді спикер.

Дегенмен ол нақты соманы атаған жоқ.


Рекомендовать
Последние новости